Тайм менеджмент дегеніміз не: Тайм-менеджменттің 7 алтын ережесі – Тайм-менеджмент: Уақытыңызды дұрыс жоспарлаңыз — Balbal

Содержание

Тайм-менеджменттің 7 алтын ережесі


тайм

Уақыт бізге еш мұқтаж емес. Ол өз кезегімен өте береді. Қуанышты сәтіңді сол күйі ұстап қалып, қайғылы шақты диск айналдырғандай өткізіп жіберу біздің қолымызда емес. Керісінше, біз уақытқа мұқтажбыз. Екінің бірінің жанына барып: «Бірер минут уақытыңызды бөле аласыз ба?» деп сұрап көріңізші. 80 пайызы уақытының аз екенін айтады. Ендеше, алтындай уақытты тиімді өткізудің 7 алтын ережесімен таныстыруды жөн көрдік.

Тайм-менеджмент

Заманауи тілмен сөйлеу сәнге айналған соң, уақытты пайдалы өткізу деген ұзын-сонар тіркес тайм-менеджмент деген кірме сөз лексиконымызға еніп кеткен. Бұл — ағылшын тілінен тікелей аударғанда «уақытты басқару» дегенді білдіреді. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, уақытты басқару мүмкін емес. Яғни, тайм-менеджменттің мәні — уақытыңды тиімді пайдалану.

№1 ереже: Дұрыс еңбек ету үшін, дұрыс демалу керек

Шаршаңқы, демалысқа зәру ағзадан келер пайда аз. Ол жұмысыңыздың өнімділігін нашарлатумен ғана шектеледі. Ал, керісінше уақытылы демалып жүрген ағза болса, ауырлық пен қиыншылықтарға қарсы тұрар күшке толы болады.


Бір сәт еш нәрсені ойламай, жүрегіңіздің үнін естіп көріңіз. Не болмаса, терезеге қарап ұшқан құсқа, жауған жаңбырға қараңыз. Көзіңіз әдемілікті көрсін. Қуаныш сыйлайтын дүниенің барлығы сізді демалтады. Жан рақатына ауық-ауық бөленіп тұрамын десеңіз, осы әдісті пайдаланыңыз.

Ісімізде береке болсын десек, нәтижеге жетсек екен десек, еңбекпен қатар демалысты да ұмытпауымыз керек. Мейлі физикалық, мейлі рухани күш бізге ауырлық етеді. Ол бір жағы денсаулыққа әсер етсе, бір жағы — жұмыстың ақырын алыстатады.

— аптасына 6 күнді еңбекпен өткізіп, 1 күнін максимал жеңілдетіп көріңіз. Әрине, 5 күндік жұмыс аптасынан соң сенбі мен жексенбіде бала-шаға қамымен дүйсенбінің есік қаққанын байқамай қаламыз. Таң атса, кеш батады деп мұңымызды шағамыз тағы. Бірақ, қалауын тапса — қар жанады.

— күн сайын 12 сағат белсенді түрде қимылдап, екі сағат демалыңыз. Бір күнде 12 сағат тұрмақ, 8 сағат жұмыс істеудің өзі оңай емес. Бірақ, сізді «есекше» еңбекке салып қойғалы жатқан ешкім жоқ. Қандай да бір істі таңдап алған соң, оның соңына жетпей, дамыл таппау керек. Бірақ, арасында 30 минуттай демалып алыңыз. Айтқандай, демалыссыз жұмыс тұл. Біз белсенді түрде қозғалу үшін 14 сағатты сыйға аламыз. Ал, қалған 10 сағаты ағзаның қажеттілігін өтеуге берілген. Мәселен, тамақтану, ұйықтау, шомылу т.б процедуралар.

Жұмыс пен еңбекті кезек-кезек ауыстырудың мынадай әдістері бар:

  • 12 сағат жұмыс істеп, 2 сағат демалу;
  • 6 сағат жұмыс істеп, 1 сағат демалу;
  • 3 сағат жұмыс істеп, 30 минут демалу;
  • 1,5 сағат жұмыс істеп, 15 минут демалу;
  • 1 сағат жұмыс істеп, 10 минут демалу;
  • 30 минут жұмыс істеп, 5 минут демалу.

Бұның ғажайыбы — күніңізді бірнеше бөліктерге бөле отырып, түйені толығымен жейсіз бе, әлде жіліктейсіз бе, өзіңіз шешіңіз. Тәбетіңіздің тартуына орай, асқазанның көлеміне қарай ас таңдағандай, уақытты бөлу әдісін таңдауды да өз еркіңізге қалдырдық.

№2 ереже: Асық, асықпа? Дұрысы, жоспар құр!
Өте тез демалсаңыз, жүрегіңіз жиірек соғып кетеді. Миымыз бұдан шошып, өрт болғанда соғылатындай дабыл шақырады. Барлығын ақырын жасай бастасақ қалай болады? Ол уақытта миымыз бізді зынданға түсіп қалды, шектеліп қалды деп ойлайды.

Бұнымен айтқымыз келгені — табиғи темптен асуға тырыспаңыз. Екі жағдайда да ағзамызға келер зиян көп. Барлығын орнымен орындаңыз. Темп сақтау үшін сізге жоспар керек. Иә, жоспар құрған алғашқы апта темп сақталып, келесі аптада күлі қалатын кездер көп. Бірақ, жоспарды дұрыс құра білсеңіз, алысқа барасыз.


Жоспарды үнемі жазып жүру керек. Есіме сақтап қаламын деген бос әуре. Бүгінде қажетті-қажетсіз ақпарат көп. Радиодан жаңа естіген әуеннің бір шумағын есте сақтау үшін, оның алдындағы ақпарат ұзақ уақытқа жадыңыздан өшіп кетуі мүмкін. Ендеше, өшпейтіндей етіп жазып алыңыз.

Қолыңыздағы тізіммен жұмыс жасау өзінің нәтижесін алғашқы күні-ақ береді. Кешке қарай ертеңгі жоспарыңызды жүргізіңіз. Таңертең тізімді көріп, күніңіздің эскизін жасай аласыз. Жаңа бір іс туындаса — қосып қойыңыз. Қойын дәптеріңізді жаныңыздан бір елі тастамаңыз.

Ескертпелерді екі тәсілмен жазуға болады:

  • Қойын дәптерге;
  • Ұялы телефон не комьютердің қосымшаларына.

№3 ереже. Бас тарта білу де — өнер

Өте сыпайы түрде бас тартуды үйреніңіз. Яғни, сіздің уақытыңызды алатын, сіз үшін маңызы жоқ деген шаруамен бас қатырмаңыз. Сыпайы түрде деп айтқан себебіміз — досыңыздың өзін емес, шаруасын итеріп тұрғаныңызды ұғындырыңыз.

№4 ереже: Қажетсіз дүниеден бас тартыңыз

Сондай-ақ, уақытыңызды «жеп» жатқан құрт-істердің көзін құртыңыз. Иә, ол істер сізге ұнауы мүмкін. Бірақ, пайдасы — 0. Ол уақытта сіз тиімділікті есіңізге түсіріңіз. Бүгін бітірмеген ісіңіз сіздің беделіңізге дақ, бойыңызға артық жүк артады. Ондай қажетсіз уақытжегіштердің қатарында әлеуметтік желі көш бастап отыр. Ол үшін де арнайы уақыт бөліңіз. Себебі, заман ағымына сай темп сақтаймыз деп басында келіскенбіз. Шектен шықпай, орнымен пайдалана білсеңіз, ісіңіздің табысын арттыруда интернеттің де ықпалы үлкен.

Пайдалы уақыт, пайдалы істер және керемет нәтиже. Сіздің тайм-менеджментіңіздің негізі осы болсын!

№5 ереже: Мен үшін маңызды не? — Өзіңізден сұраңыз

Істің үлкенінен бастап кішісіне қарай ойыстаңыз. Керісінше жасаған оңай емес пе деуіңізге болады. Бірақ, таңертең адам ағзасы сергек болады. Сол себепті маңызды әрі көбірек күшті талап ететін істерді күннің бірінші бөлігінде бітіруге тырысыңыз. Қандай да бір істі бітіретін меже қоюды да ұмытпағайсыз.

Барлық істерді мынадай төрт түрге бөлуге болады:

  1. Тығыз әрі маңызды;

  2. Маңызды, бірақ асығыс емес; 
  3. Тығыз, бірақ маңызды емес;
  4. Тығыз да, маңызды да емес.

Барлық іс осы төрт типтің біріне жатады. Осыларға бөлу арқылы нысанаға дәлдеу оңайырақ болады.

№6 ереже: Уақытты бөлу арқылы жоспарлаңыз

Алдыңызда бір табақ бешбармақ тұр делік. Қанша қарныңыз ашса да, бір өзіңіз тауысып бітіре алмайтыныңыз сөзсіз. Күніне аз-маздап бөліп жейсіз. Осы секілді, барлық көлемді істеріңізді кішкене бөлшектерге бөліп үйреніңіз. Әр кішкене бөлшектің нәтижесі оң болған сайын, ісіңізге деген құлшыныс пайда болады.

№7 ереже: Өткен іске өкін(бе)?

Уақыт бізге берілген мүмкіндік. Оны бос өткізуден асқан қателік те, өкініш те жоқ. Сол себепті, бос уақытыңыз шыға қалса, оны да тиімді пайдалануға жұмсаңыз. Тым құрығанда рухани азық беретін, тынықтыратын іспен өткізіңіз. Әсем әуен тыңдаңыз, серуендеңіз. Әйтсе де, жоспардан ауытқымаңыз.

Бос уақыттарыңыздың салмағын өлшеу үшін, күніңіздің қалай өткеннін саралау үшін сізге есеп бере білу керек. Ұлы Абай айтқан әдісті өзіңіз де білетін боларсыз?! Күніне бір, ол қолыңыздан келмесе — айына бір есеп беріңіз. Осы арқылы ішкі бейнеңізді айнадан көргендей боласыз.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:«Өмірін қалай өткізгені, ілімін қайда жұмсағаны, мал-мүлкін қайдан тауып, қай жаққа салғаны және тәнін қалай қолданғаны жайлы пенде жауапқа тартылмайынша қиямет күні аяғын аттап баспайды» (Тирмизи). Ендеше, әр сәтіңізді бекер өткізбеңіз. Уақытыңыз ысырап болмасын!

Тайм-менеджмент: Уақытыңызды дұрыс жоспарлаңыз - Balbal


Тайм-менеджмент уақытты дұрыс жоспарлау дегенді білдіреді. Яғни, бұл әдіс арқылы барлық жоспарлаған жұмыстарыңызды уақытында орындап үлгеруге мүмкіндік аласыз. Егер әрдайым кешігіп, басыңыз қатқан болса, Balbal.kz ұсынған кеңестер жиынтығын кәдеңізге жаратыңыз.

Ең алдымен, уақытыңыздың көбін қайда жұмсайтыныңызды анықтаңыз. Ол үшін күнделікті немен айналысатыныңызды жазып отырыңыз. Бір қағазға жасаған жұмыстарыңызды, іс-әрекеттеріңізді түртіп, кешке қарай сараптама жасаңыз. Уақытыңыздың біразын текке құртып жатуыңыз әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік желіге, достарыңызбен бос әңгімеге немесе ұйқыға кеткен уақытты пайдамен өткізуге болатынын түсінесіз.

Жұмысқа бар ынтаңызбен кірісіңіз.



Белгілі бір тапсырманы орындау үшін бар назарыңызды, ойыңызды соған аударып, тек соны аяқтауға талпыныңыз. Телефонға келген қоңырау мен желідегі жаңа хаттарға мән бермес үшін оларды өзіңізден алыстау ұстаңыз. Басқа бөлмеге немесе сөмкеңізге салып қойыңыз. Сол тапсырманы орындамайынша, орныңыздан тұрмаңыз. Тіпті, шөлдеп бара жатсаңыз да тапжылмай жұмысқа беріліңіз.

Күнделікті бір іспен айналысуға міндетті емес екеніңізді түсініңіз. Өзіңізге уақыттың жетпейтіні де содан. Бір күн үй жинамасаңыз, ештеңе етпейді. Ертең-ақ жинап үлгересіз. Үнемі белгілі бір жоспармен жүру — ішпыстырарлық, оған қоса уақытыңызды аямайды. Сол себептен, үйдегі жұмысыңызды, басқа да шаруаларды аптаның әр күніне бөліп тастаңыз. Сонда күніне 1-2 сағат артылып, өзіңізге көңіл бөлуге болады.

Көп міндетті мойныңызға іле бермеңіз. Кеңсенің жылдық есебін жасау керек, үйге азық-түлік алу бар, сыныптастардың кездесуін ұйымдастыру да сіздің мойныңызда. Иә… Мұндай кестемен барлығына бірдей үлгеру мүмкін емес. Нәтижесінде барлық шаруаны суға батырасыз. Түсініңіз сіз — робот емессіз! Сол себепті, жұмыста болсын, үйде болсын күніне 2-3 шаруа жоспарлап, сол жоспарды ғана орындаңыз.

Маңыздылыққа мән беріңіз. Жасау керек жұмыстарыңызды маңыздылық бойынша сұрыптап, ең маңызды дегендерге бірінші кезекте кірісіңіз. Маңыздылығы аз немесе аса қажеті жоқ шаруаларды ысырып қойсаңыз болады. Тіпті, өшіріп тастасаңыз да ештеңе етпес. Бастысы —маңыздылығын дұрыс анықтау. Қалай анықтайтыныңызды білу үшін Эйзенхауэр матрицасына көз жүгіртіп шығыңыз.

Өміріңізді жеңілдетіңіз. Коммуналды төлемдер, су, жарық сынды шоттарды ғаламтор арқылы төлеуге тырысыңыз. Кезекте тұрғанда, метрода, түскі асқа үзіліс кезінде ұялыңыздың 1-2 пернесін басу арқылы жасауға болатын жұмыстарды үйреніп алыңыз. Ол уақытыңызды біраз үнемдейді.

Біздің кеңестер сізге көмектеседі деген сенімдеміз. Сәттілік, құрметті оқырман!

Тайм менеджмент немесе уақыт үнемдеу


Тайм менеджмент немесе уақыт үнемдеу


Тайм-менеджмент жайлы ойлануға уақыт келді: уақытты бағалауды және бір минут болсын уақытты босқа жоғалтпауды үйрену қажет. Бір мақаланы оқи салып, тайм-менеджмент дағдысын меңгеріп алу, әрине мүмкін емес. Алайда жүріс-тұрысыңызға қажетті түзетулер енгізу мен назар аударуға тұрарлық тұстарды анықтауға әбден болады. 

Бұл мақалада біз сіздерге тайм-менеджмент бойынша 8 практикалық кеңес береміз. Ұсынылатын кеңестер оңай әрі күнделікті өмірде өте қажетті.

Кеңес 1. Әдеттеріңіз бен шұғылданатын істеріңізді анықтап алыңыз

Ол үшін 1-2 апта бойы күнделікті атқаратын тірліктерді белгілеп отыратын күнделік арнаңыз немесе ұялы телефоныңызға жазып жүріңіз. Тек жұмыс, мерекелік шаралар, әңгіме-дүкен мен кездесулерді ғана жазып қоймай, ойларыңызды да түртіп отырыңыз. Бұл сіздің уақытыңыздың қайда кетіп жатқанын және күні бойы қанша іс атқаратыныңызды анықтауға көмектеседі.

Сонымен қатар, бұл әдіс - ешқандай пайда әкелмейтін істерді анықтауға да ықпалын тигізеді. Мысалы, әріптесіңізбен ауа райы жайлы әңгімелесу, қызық емес телебағдарламаларды қарау және т.б.

Кеңес 2. Жоспарлаумен айналысу

Күндік жоспарыңыз толығымен дайын болмағанша, жұмыс күніңізді бастамаңыз. Іс-шараларыңызды кешкісін немесе жұмыс уақыты басталмас бұрын жоспарлаңыз.

Жоспарланған істеріңіздің кемінде жартысы нақты нәтиже алуға бағытталған болсын.

Маңызды істеріңізге (ойлануға, іс-шараларға) нақты уақыт қойыңыз. Қашан басталып және қашан аяқталатын уақыттарын анықтаңыз.

Жетістікке әкелмейтін жұмыстарыңызға (іс-шараларға, кездесулерге) уақыт шектеуін қойыңыз.

Кеңес 3. Демалуды да ұмытпаңыз

Күндік жоспар құру барысында демалуға уақыт бөлуді де ұмытпаңыз. Ол тек түскі ас үзілісі ғана емес, 15 минуттық кофе-брейк те болуы мүмкін немесе жарты сағаттық тынығу (тыныштықта босаңсу - тек жеке кабинетіңіз болса ғана мүмкін).

Кеңес 4. Өзіңмен-өзің қалу

Мысалы, маңызды мәселемен айналысу кезінде кабинет есігіне "Мазаламаңдар" тақташасын іліп қойыңыз. Хатшыңызды шұғыл жұмыс кезінде ешкіммен байланыстырмауын және ешкімге кіруге рұқсат бермеуін ескертіп қойыңыз.

Кеңес 5. Біртекті жұмыстарды топтарға біріктіріңіз

Айналысып отырғаныңыздың бәрін тастап, жаңа ғана келген электронды поштаңызды оқуға көшпеңіз. Тап осылай, сізге телефон арқылы хабарлаған проблемаларды бірден шешуге кіріспеңіз. Есіңізде болсын, тіпті аса жедел істер де 15 минут күте алады, ал шұғыл еместері онсыз да...


Телефон келіссөздеріне, хабарламаларды оқуға (электронды поштаны), есептеулер жүргізуге және басқа осындай біртекті жұмыстарға арнайы уақыт бөліңіз. Жасалған график уақытын сақтауға тырысыңыз.

Кеңес 6. Жетістік жайлы ойлаңыз

Кез келген жұмысты бастамас бұрын, оның қалай аяқталғанын қалар едіңіз соны ойланыңыз. Тапсырманың орындалуынан нені күтесіз? Тіпті, бұл жұмысқа не үшін кірістіңіз?

Мысалы, сіз біреуге телефон соқпақшысыз. Қоңырау қандай нәтиже бермек? Не себепті телефон соғып отырғаныңызды ішіңізден талдаңыз.

Кеңес 7. Жаман әдетеріңіз бар ма? 

Компьютердегі артық ұяшықтарды (ойын, әлеуметтік желілер, ойын-сауық порталдар, ақпарат сайттары және тағы басқа қажеті жоқ беттер) жабыңыз. Егер шылым шегетін болсаңыз маңызды жұмыс барысында одан бас тартыңыз: 1-2 сағат темекі шекпесеңіз өліп қалмайсыз. Дәлізде кездейсоқ кездескен әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құрмаңыз. Алдағы демалыста не істейтініңіз жайлы армандамаңыз. Жалпы айтқанда, сізді аз уақытқа болса да алаңдататын нәрселерден аулақ болыңыз.

Кеңес 8. Бәрін бірден үлгеруге ұмтылмаңыз

Барлық істі тындыру мүмкін емес: бір жұмысты орындаған абзал, содан соң кезекке жаңасы келеді. Естеріңізде болсын, жетістіктің сыры санда емес, сапада: "асықпаған арбамен қоян алады", - дейді атам қазақ.

"20% атқарылған іс 80% нәтиже береді" деген Парето заңын да естен шығармаңыздар. 

P.S. Уақытты шығындамаңыз, оның әрбір секундын бағалай білуді үйреніңіз. Сонда ғана өмір сүрудің оңай да жағымды екенін байқайсыз.

Форумда талқылау

Сурет jangl.name сайтынан алынған

Тайм-менеджмент: мәні мен принциптері - Реферат


Жоспары

Кіріспе

1. Тайм-менеджмент: мәні мен принциптері

2. Уақыт тапшылығының себептері

2.1 уақытты түгендеу

2.2" жұтқыштар " уақыт

3. Мақсатты қою

4. Жоспарлау

4.1 классикалық жоспарлау

4.2 уақытты жоспарлаудың "Алтын" пропорциясы

4.3 есептер күрделілігін талдау техникасы

5. Өкілеттіктерді беру

6. Қорытындыларды бақылау және мақсаттарды түзету

7. Ақпарат коммуникация

8. Тайм-менеджменттің бес сабағы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тайм-менеджмент-бұл Ресей үшін салыстырмалы түрде жаңа және менеджменттің қарқынды дамып келе жатқан саласы. Оның негізгі міндеті-уақытты тиімді басқару принциптерін анықтау. Жұмыс уақытын ұйымдастыру ережелері туралы алғашқы идеялар өткен ғасырдың 60-шы жылдары Батыс елдерінде өмір қарқынын жеделдетуге жауап ретінде пайда болды, ал 80-ші жылдардан бастап ғана кеңінен қолданыла бастады. Бизнестің дамуы басқару саласында жұмыс істейтін адамдарға жүктеменің өсуіне алып келді. Менеджерлердің жұмыс көлемі соншалық, олар жұмыс және бос уақыттың созылмалы жетіспеушілігін бастан кешірді.

Қарапайым және жағымсыз шындық, бұл бүгін біз істермен көп жұмыс істейміз. Ғылым бұл айқын факт расталмаса да, дәлелдерді ұзақ іздеудің қажеті жоқ. "Барлық жерде керемет жұмыспен қамтылу дәлелдері бар, - деп есептейді Jana Jasper, Нью-Йорктен Еңбек өнімділігі жөніндегі сарапшы. Біз тым тез сөйлесеміз. Біз үнемі асықпыз. Біз маңызды істерге бет бұрамыз және оларды соңына дейін жеткізбей тастаймыз. Біз оныњ ой, біз бір нәрсе ұмытып, жүзеге қабылданбаған және бұл өмір өтіп жатыр жанынан. Бірақ бұл шынымен солай ма?»

Соңғы уақытта уақытты үнемдеуге және жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін әр түрлі құрылғылар мен гэджеттерге сән, кейде өз мақсатын ақтамайды. Бірақ прогресс бізді кейбір артықшылықтардан айырады, оларды береді.

Уақытты үнемдеуге және өмірімізді жеңілдетуге мүмкіндік беретін гэджеттер неғұрлым көп болса, біз босаған уақытты толтыру үшін көбірек сабақ аламыз. Ал уақыттың созылмалы жетіспеушілігі күйзеліске әкеледі. Дегенмен, тайм-менеджмент бойынша сарапшылар күйзелістен құтылуға болады деп сенеді. Техникалық тайм-менеджмент көмегімен бір сағат бойы сіздің күніңізді арттыру, яғни пайдалы уақытты босату қалай жақсы ойлаңыз!

Қазір бұл мәселені ресейлік басқарушылар да ерекше өткір қабылдайды. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, жұмыс күнін ұзарту және демалыс күндері жұмыс істеу есебінен уақыт жетіспеушілігі мәселесін шешу мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл өмір сүру сапасына, отбасымен қарым-қатынас жасауға, демалыс пен спортқа арналған уақытты алшақ уақытқа әсер етпейді. Уақыт, түсінікті, басқаруға болмайды, және тайм-менеджменттің нақты міндеті барлық маңызды істерді жасауға үлгеру үшін күн мен аптаның уақытын (жұмыс уақытын және жеке уақытын) пайдалануды ретке келтіру.

1. Тайм-менеджмент: мәні мен белгілері

"Тайм-менеджмент (уақытты басқару) — ғылым мен тәжірибенің пәнаралық бөлімі. Тайм-менеджмент-ағылшын тілінен аударғанда "уақытты басқару"дегенді білдіреді. Уақыт, түсінікті, басқаруға болмайды, және тайм-менеджменттің нақты міндеті барлық маңызды істерді жасауға үлгеру үшін күн мен аптаның уақытын (жұмыс уақытын және жеке уақытын) пайдалануды ретке келтіру. Тайм-менеджмент-бұл есеп және уақытты Жедел жоспарлау.

Тайм-менеджменттің негізгі принциптері

1. Тынымсыз өзіндік жұмыс.

Өз уақытын ұйымдастырудың сапалы, тиімді жүйесін адам тек өз бетінше әзірлей алады. Бұл маңызды жұмысты кеңесшіге немесе хатшыға тапсыруға болмайды. Қолданыстағы жүйелер мен өзіндік құру әдістері туралы ақпарат ала отырып, шешім қабылдауға қолдау көрсету және өзін - өзі жетілдіруге итермелеу - сізге ұсынылған қағида деп санаудың қажеті жоқ. Қолайлы шешімді таңдап, оны өз қажеттілігіңізбен қайта құру тек сіз.

2. Шешімнің даралылығы.

Батыста тайм-менеджмент ұғымы, әдетте, нақты біріздендірілген тәсілдер жиынтығымен байланыстырады. Ресейде адам құмарлығы маңызды рөл атқарады, оның жағдайында біз тауды бұруға қабілетті, бұл ретте сызғышпен, кестемен және секундомермен шығармашылық үдеріске жақындауға қарапайым әрекет ету арқылы. Біздің менталитет үшін уақытты ұйымдастыру тәсілдерін іздеу нақты адамның жеке стилінің терең талдауымен байланысты. Жоспарлау стереотиптері туралы сөйлеуге де болмайды – мұндай" ширату көйлегін " өзі үшін тек құрылымдалған түрдегі жеке тұлғаны ғана пайдалана алады. Сонымен қатар, бей-жай қойманың адамдары да тиімділік пен табысқа жетуге ұмтылады. Жеке уақытты ұйымдастыруда жалпы ережелер емес, жеке стиль маңызды, ол адам өзі үшін табады. Егер ол үшін ыңғайлы болса, ол барынша тиімді. Сондай-ақ, белгісіздік жағдайында да бағдарлануға мүмкіндік беретін әдістерге назар аудару керек. Сондықтан адамның темпераменті, сенсорлық артықшылық, оның ағзасының биоритмы, жұмыс мақсаты және т. б. сияқты параметрлерді анықтау маңызды емес.

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы


Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

АҚШ-тың 34-і президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэрдың қолы ешқашан босамаған. Ол бүкіл шаруаға үлгеріп, 24 сағаттың қадіріне жету үшін өзінің уақыт басқару үлгісін ойлап тапқан. Бүгінде ол Эйзенхауэрдың матрицасы немесе приоритеттер матрицасы деп аталады.

Эйзенхауэр матрицасының мәні неде?

Эйзенхауэр матрицасына сай шұғыл жасалынатын шаруа мен асығуды қажет етпейтін шаруалардың ара-жігін ажыратып алу шарт. Жоспарлаған дүниенің шұғыл немесе шұғыл емес болуына байланысты категорияларға үлестіру қажет. Ол үшін қағазға төрт бұрыш салып, төрт бөлікке бөлеміз.

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

 

Эйзенхауэр төрт бұрышымен қалай жұмыс жасаймыз?

 

1. Маңызды шұғыл шаруалар. Қанша шұғыл және маңызды шаруаларды осы бөлікке кіргізер едіңіз? Алғашында бұл тізімде ұзақ болуы ықтимал. Уақыт өте ешнәрсе қалмаса, сіз Эйзенхауэр әдісімен дұрыс жұмыс жасап жатырсыз деген сөз. Ал, егер керісінше бұл бөлікте жасалуы керек шұғыл шаруалар шаш-етектен болса, онда бір кедергі бары анық. Ол еріншектік, енжарлық болуы мүмкін. Жалпы, маңызды шұғыл шаруалардың атқарылмай, жиналып қалуы адамды психикалық, физикалық тұрғыдан шаршатып жіберуі мүмкін.

 

2. Маңызды, бірақ шұғыл емес шаруалар. Эйзенхауэр өзінің тайм-менеджмент жүйесін құрастырғанда дәл осы категорияға басымдық берген. Себебі осы бөлікке шаруаны жазып, оны атқарып тастау – жоспарды мүлтіксіз орындау дегенді білдіреді. Мысалы, уақытылы дәрігерге көріну көптеген аурулардың алдын-алуға негіз бола алады. Сонымен қатар студенттік диплом жұмысын жазуға ертерек кірісу қателерді түзеп шығуға мүмкіндік береді.

 

3. Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар. Бұл жерге Эйзенхауэр тиімді жұмыс жасауға кедергі келтіретін шаруаларды жазуға кеңес береді. Мысалы, компьютерді жөндеу, керек-жарақты сатып алу дегендей.

 

4. Маңызды да, шұғыл да емес шаруалар. Кейде бір жұмысқа кіріспес үшін өзімізді алдаусыратып жасайтын шаруаларды Эйзенхауэр осы бөлікке жатқызған. Мысалы, телефонмен ұзақ әңгімелесу, телехикаяларды қарау, хат-хабарлама жазу, әлеуметтік желі жаңалықтарын тексеру жұмыстары. Мұның бәрі шұғыл шаруа емес. Сонымен қатар маңызды да емес. Алайда адам уақытты жұтып қоятын осы шаруалармен айналысқанды жақсы көреді.

Эйзенхауэрдың төрт бұрышымен дұрыс жұмыс жасаудың кеңестері: 

  • Әр бөлікке шаруаларды жазып қойып, оларды нөмірлеңіз. Ең бірінші кезекте шұғыл және маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз;
  • Бар назарыңыз 2-ші бөлікке аусын. Шұғыл емес, бірақ маңызды шаруалар шұғыл және маңызды шаруалардың бөліміне ауыстырылса, ешнәрсе етпейді. Дегенмен қайта-қайта орындарды ауыстыра беру дұрыс емес;
  • Алдыңызға ұзақ мерзімді мақсат қоя біліңіз. Оған жету үшін қажет дүниелердің бірін қалдырмай жазып шығыңыз. Ойға алған шаруаларды бөлікке сай төрт бұрыш ішіне орналастырыңыз;
  • Ойды іске асыру барысында ұсақ-түйек болмашы дүниелерге назар аударып, уақыт жоғалтпаңыз. Сәт сайын пошта тексеру, ұялы телефон шұқылау сізге табыс әкелмес.

50 жыл бұрын президент Эйзенхауэр ойлап тапқан матрицаның адамзатқа берері көп. Бастысы көзбояушылықтан ада болыңыз. Шындап кірісіңіз. Өз мақсатыңызға, арманыңызға адал болсаңыз, тайм-менеджменттің арқасында бәрі іске асатыны сөзсіз.

Тайм-менеджмент немесе уақытыңды тиімді басқару 14/90


Тайм-менеджмент немесе уақытыңды тиімді басқару 14/90

Өткен блогтардың бірінде Таңшолпан Мұратқызы экспериментімнің алғашқы апталарын қалай жоспарлағаным туралы сұраған болатын. Келесі бір блогта ол туралы егжей-тегжейлі жауап беруге уәде еткенмін. Сол уәдемді орындамақшымын.

housewife1

Табиғатымнан өте жалқау адаммын. Орыстар айтпақшы, "Пингвин- өте тәкаппар құс. Теппейінше, ұшпайды", мен де сол пингвин секілді өзімді қинап, күш-жігерімді жинап алдыма қойған мақсатыма әрең жетемін. Таңғаларлығы, жалқау бола тұра, өзіме жүктелген тапсырманы күн демей, түн демей бітіремін. Ал егер сол тапсырманы жүктейтін адам-өзің, нәтижесі өзіңнің өміріңе байланысты болса, не істеу қажет?

penguin

Осындай кездері маған тайм-менеджмент (ағ. time management) көмектеседі.

Қазіргі шапшаң өмір ағымы мен қатаң цейтнот кімді болсын эмоциялық күйзеліске ұшыратпай қоймайды. Өз кезегінде ол сіздің жұмыс істеу нәтижелілігіңіз бен жалпы өмір сүру сапаңызға қатты әсер етеді.

Табысты адамдар, тіпті бәлкім кейбір таныстарыңыз қалай бәріне үлгереді деген сұрақ қойған шығарсыз?! Оларда да тәулігіне 24 сағат, сізде де 24 сағат. Бұл уақытыңды тиімді басқарып, басым тапсырмаларды тез әрі уақытында орындаудан басталады. 

Жоспарлау мен істерді ойлауды ӘРҚАШАН қағазға жазыңыз. Ақпараттар легі заманында мида барлық қажетті істеріңіз бен ақпаратты сақтау мүмкін емес.

Істерді 4 типі бойынша бөліп қарастыруға болады, ол Эйзенхауер әдісі деп аталады.

1. Шұғыл және маңызды. Бұл істерді ертеңге қалдыруға БОЛМАЙДЫ, сондықтан жылдам кіріскеніңіз жөн.

2. Маңызды, бірақ шұғыл емес. Бұл істерді шұғыл емес деп ертеңге қалдыруға болмайды, себебі болашақта қиындықтар туғызуы мүмкін. Мүмкіндігінше ерте орындағыныңыз жөн.

3. Шұғыл, бірақ маңызды емес. Бұндай істермен айналысу жұмыс өнімділігіне еш әсер етпейді. Нәтижесі де көрінбейді. Сондықтан, мүмкіншілігіңізге қарай, осындай істер санын азайтып, не мүлдем алып тастаған жөн.

4. Шұғыл да, маңызды да емес. Істердің бұл түрімен айналысудың қажеті жоқ. Сондықтан оп-оңай тізіміңізден сызып тастасаңыз болады. 

Тағы атап кететін жайт, ол Абай атамыз айтпақшы, "... Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.." ("Сенбе жұртқа" өлеңінің тармағы). Яғни теледидар көре тұрайын, интернетте отыра тұрайын деп алтын уақытыңызды сарп етпеңіз. Өз-өзіңе "ЖОҚ" айтып үйрену де пайдалы.  

Кішкентайымнан түрлі-түрлі блокноттар, дәптерлер ұстағанды ұнатамын. Блог жазарда қашан жазамын деген мәселе туындаған жоқ. Себебі, күнделікті маңызды, әрі шұғыл шаруаларымды жазып жүремін.

Жазбаларым келесідей (қараңғы мезгілде түсіргендіктен, сапасы нашарлау, айып етпессіздер).

Мысалы, бүгінгі күнімнің жоспары:

книга2

Аптаның жоспарын былай жасаймын:

книга3

Апта ішінде немесе келесі апта жоспарына шұғыл шаруалар тізімін қоса беремін. Бұндай таза парақтарды интернеттен оп-оңай таба аласыздар.

Ал жеке ойларым мен кітаптардан алынған қанатты сөздерді өзімнің сүйікті блокнотыма жазамын. книга4Қорытындылай келе, тепе-теңдік қағидатын ұмытпаған жөн. Яғни жұмыстағы (оқудағы, тағысын тағылар) уақыт сапасы мен отбасыңызға бөлетін уақыт тең болуы қажет. Қандай шаруа болмасын, Сіз және отбасыңыз бірінші орында тұруы шарт. Сондықтан уақытыңызды басқарып, өміріңіздің сапасын арттыру үшін тынбай жұмыс істеуіңіз қажет.

Менеджмент — Уикипедия


Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1]

Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.

Менеджментті жаратылыстану пәні деп түсіндіретіндер бар, бірақ көпшілік оның гуманитарлық пән екеніне сенімді.

“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.[2][3]

Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.

Анықтамасы[өңдеу]

Менеджменттің анықтамалары:

  • Менеджмент дегеніміз мәлім ұйым, не кәсіпорынның мәлім жоспар мен ережеге сай өз-өзін теңшеп, дұрыстап, бейімдеп, мәлім айқын мақсатқа жете алуы.
  • Менеджмент дегеніміз маман, құрал-сайман, ресурстар, қазына секілділермен қатар тұратын өндірістің өте маңызды буыны.
  • Питер Фердинанд Дракер (1909–2005) екі тұрғыда менеджменттің міндетін айқындаған: Маркетинг және Инновация. Олар өзара байланысты, әсіресе жаңа тауар инновациясы маркетингтің негізі есептеледі. Дракер бойынша маркетинг сауда және өндірісте жеңіс пен жеңілістің негізі. Дегенмен қазіргі сауда-өнеркәсіп басқарушылар менеджмент пен маркетингті ұқсамайтын екі ғылым саласына ажыратады.
  • Басшы, не менеджер кәсіпорынға сенімділік және кәсіптік бағдар беріп, оның өнімді шешім шығаруын орындауы керек.
  • Ғылым ретінде менеджмент кәсіпорын жобасы, ұйым, жоспар, тізгіндеу, ресурстарды ыңғайлау секілді өзара байланысты істердің біртұтастығы, ол мақсатқа өнімді жетуді көздейді.

Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады.
Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.
Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

Ұйымдастыру[өңдеу]

Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

Мотивациялау[өңдеу]

Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады.

Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.

Менеджмент құрылымы[өңдеу]

Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

  • өндірістік менеджмент;
  • қаржы менджменті;
  • нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.
[4]

Менеджменттің жалпы сапасы[өңдеу]

Менеджменттің жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілуді басқару техникасы.[5]

Педагогикалық менеджмент[өңдеу]

Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Mаман-аудиторлар[өңдеу]

Талдаумен маман-аудиторлар айналысады. Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады.
Олардың кызметі — фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  2. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  3. ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  4. ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
  5. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *